Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі ala...
Енді «Қазгидромет» су тасқыны туралы 2 күн бұрын хабарлайтын болады
Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін, жер бетіндегі мұз қабығының болуын, және де өзендердің мұз режимдерін талдай отырып су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді, - деді министр.
Нысанбаев су тасқынына қауіпті өңірлерді топтастырды.
Қауіптілігі жоғары өңірлер: Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары.
Ал орташа қауіпті өңірлер: Жетісу, Жамбыл және Павлодар, облыстары.
Айта кетейік Олжас Бектеновтің дерегінше биыл көктемде су тасқыны қаупі жоғары. Соның ішінде 217 елді мекенді су басу ықтималдығы жоғары.
«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне негізгі болжамды ағымдағы жылғы 5 наурызға дейін, одан кейін гидрологиялық болжамдарды апта сайын ұсынады. Гидрометеожағдайлар күрт өзгерген жағдайда “Қазгидромет” су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала екі-үш тәулік бұрын хабардар етеді, - деп атап өтті Экология министрі Үкімет отырысында.