Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға пәтер мен автокөлік берілді

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1504

Қызылорда облысының басшысы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға құрмет көрсетіп, оған автокөлік пен пәтер сыйға тартты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Сонымен қатар, спортшының жеке жаттықтырушысы да тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Айта кетсек, Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында 60 келі салмақта белдескен Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуаны Әлішер Ганиевті небәрі бір минутта таза жеңіспен ұтып, алтын медаль иеленген еді.

Бұл оның алғашқы үлкен жетістігі емес. Бұған дейін ол 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...