Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видеомен бөлісті, деп ха...
iPhone енді бүктеледі: Apple тарихындағы алғашқы жиналмалы смартфонды таныстырды (ВИДЕО)
Фото: Apple
Apple компаниясы көптен күткен iPhone Duo смартфонын ресми түрде таныстырды. Бұл – компания тарихындағы тұңғыш жиналмалы iPhone әрі бренд желісіндегі ең қымбат смартфон., деп хабарлады MadeniPortal.kz.
iPhone Duo бүктелген кезде 5,4 дюймдік сыртқы экранмен жұмыс істейді. Ал құрылғыны ашқанда пайдаланушыға 7,6 дюймдік үлкен дисплей қолжетімді болады. Үлкен экранда бір уақытта бірнеше қосымшамен жұмыс істеуге болады. Смартфон Apple Pencil қаламын да қолдайды.
Жаңа модельге қуатты A20 Pro процессоры орнатылған. Сондай-ақ смартфон екі 48 Мп негізгі камерамен жабдықталған. Apple бұл жолы Face ID орнына бүйірдегі батырмаға біріктірілген Touch ID қолданған.
Ең қызығы – бағасы. iPhone Duo-ның 256 ГБ жады бар базалық нұсқасы 1999 доллардан басталады. Ал ең жоғары нұсқасында 2 ТБ жад қарастырылған. Алдын ала тапсырыс 16 қазанда басталып, смартфон 23 қазанда сатылымға шығады.
Apple сонымен қатар iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max модельдерін таныстырды. Олардың бастапқы бағасы тиісінше 1199 және 1299 доллар болады.
Посмотреть в Threads