Кентауда мейрамханада газ жарылып, бір адам көз жұмды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1303

Түркістан облысының Кентау қаласында түнде мейрамхана ғимаратында жарылыс болды. Оқиға бірінші қабаттағы қоғамдық тамақтану орнында тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, жарылыстың себебі – газ ауа қоспасының жарылысы. Оқиға салдарынан

  • Бір адам қаза тапты;
  • Төрт адам ауруханаға жеткізілді;
  • Екі зардап шеккен адам реанимацияда, барлығы дәрігерлер бақылауында. 

Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеров оқиға орнына шығып, жедел кеңес өткізді және жағдайды жеке бақылауына алды. Сондай-ақ, оперативтік штаб құрылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Министрлік пен құқық қорғау органдары қазіргі уақытта тергеу жұмыстарын жүргізіп, жарылыстың нақты себептерін анықтап жатыр.