Павлодарда өлтірілген кәсіпкер туралы сұмдық жағдай белгілі болды

Фото: Павлодар облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1606

Павлодарлық полицейлер жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Madenıportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, кәсіпкерді іздеу бір күннен астам уақытқа созылды.

«Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізілуде», деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға павлодарлық кәсіпкердің жоғалып кеткені туралы туыстары хабарлаған.

«Ер адамның өз кәсібі бар. Ол серігімен кездесуі керек еді. Кездесу өтті ме, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Асуланның телефоны өшірілді болды», - дейді еріктілер.

Оны іздеуге 350-ге жуық адам қатысты. Павлодар облысы полиция департаментінің жеке құрамынан басқа, ер адамды ұлттық ұланның Nº 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, еріктілер, туған-туыстары, павлодарлықтар іздеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...