Мас күйде балықшыларды мылтықпен атқан адам 15 жылға сотталды

Фото: Pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Алматы облысында үш балықшыны атып жаралаған ер адамға 15 жыл жаза тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Т.-ға қатысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігі 1-тармағы (кісі өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық істі қарады. (…) Соттың үкімімен Т. ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, орта қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген хабарламада.

Оқиға 2024 жылдың 26 қазанында болған.

«Т. есімді азамат «Ш» шаруа қожалығының аумағында, Қонаев–Бақанас автожолының 26-шақырымында спирттік ішімдік ішкен соң шамамен 22:00-де Іле өзенінің жағасына барған. Сол жерде балық аулап отырған «У», «Д» және «К» есімді азаматтарды көріп, олардың бағытына бірнеше рет мылтық атқан. Салдарынан У., Д. және К. әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болды», – деп нақтылады сот. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда қолы қан-жоса болған ер адам сұлулық салонына басып кіріп, қызметкерлерді қорқытқан. Белгіс...

MADENI TV

Астананың Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабында 25 сәуір күні «Таза Қазақстан» экология...