Мәжіліс депутаты некесіз баласы барын растады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
719

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Парламент дәлізінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шәкімергеннен туған некесіз ұлы бар екенін ашық айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Қырықбаев әлеуметтік желілерде тараған әңгімелерден хабардар екенін жеткізді:

«Желіде мен ол әйелге мәслихаттағы орнымды “сыйға тартқаным” туралы жазып жатыр. Бұл — ақылға қонымсыз нәрсе! Ол халықтың таңдауы арқылы депутат болды. Қаласаңыздар, бұл сұрақты аумақтық сайлау комиссиясына қойыңыздар. Мен ешкімге “оған дауыс беріңдер” деген жоқпын», – деді депутат.

Сондай-ақ Қырықбаев жеке өміріне қатысты пікірлердің қоғамдық талқыға салынуын дұрыс емес деп санады.

«Ол менің тоқалым ба, жоқ па — бұл менің жеке өмірім, оны талқылауға ешкімнің құқығы жоқ. Ал бала туралы айтар болсам — мен ешқашан оның менің ұлым емес екенін айтқан жоқпын. Ол менің балам. Мен оған өз тегімді бердім. Бұны мен Алладан да, адамнан да жасырмаймын», – деп мәлімдеді депутат. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...