Семейде бір ай бұрын жоғалған ағайындылардың бірінің денесі табылды

Фото: inbusiness.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3494

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны жұмылдырылған болатын. Біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы үлкен өнеркәсіп кәсіпорынның қызметкерлері 23 тамызда өтетін құрылтайдың мүшелерін сайлау...

Әлем

Таиландтағы ең ірі қорықтардың бірінде қорықшыны жабайы жолбарыс өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін қор...