Осы апта ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1059

9–11 маусым аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер жауын-шашын, найзағай және жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада алдағы үш күнде ауа райы келесідей болмақ:

  • 9 маусым: түнде жаңбыр, найзағай, күндіз бұлт аралас. Солтүстік-шығыстан соққан жел– 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +12…+14°, күндіз +21…+23°
  • 10 маусым: жауын-шашынсыз, жел – 9–14 м/с. Температура: түнде +12…+14°, күндіз +24…+26°
  • 11 маусым: жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел шығыстан – 9–14 м/с. Температура: түнде +13…+15°, күндіз +27…+29°

Алматыда қала тұрғындары үш күн қатарынан найзағайлы жауын мен 30 градустан жоғары ыстыққа тап болады:

  • 9 маусым: қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел – 3–8 м/с. Температура: түнде +17…+19°, күндіз +30…+32°
  • 10 маусым: найзағай кезінде желдің екпіні 17–22 м/с. Температура: түнде +21…+23°, күндіз +27…+29°
  • 11 маусым: найзағай және жел екпіні 13 м/с дейін жетеді. Температура: түнде +17…+19°, күндіз +28…+30°

Оңтүстіктегі мегаполисте де күн күркіреп, жаңбыр жауады. Алайда температура жоғары болып қалады:

  • 9 маусым: күндіз жаңбыр, найзағай, жел – 8–13 м/с. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°
  • 10 маусым: солтүстік-батыс желі15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°
  • 11 маусым: найзағайлы жаңбыр жалғасады. Жел – 15–20 м/с. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +30…+32°

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...