Мұғалім оқушысын кабинетіне қамап тиіскен

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1939

Ташкентте мұғалім мектеп оқушысын кабинетіне шақырып алған соң есігін құлыптап, зорлық-зомбылық жасамақ болғаны үшін сот шешімімен небәрі бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Madrniportal.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 4 наурыз күні Сіргелі ауданындағы №322 мектепте болған. 34 жастағы мұғалім 10-сынып оқушысын кабинетіне кіргізіп, есікті құлыптаған соң құшақтап алмақ болған.

Сот отырысында ер адам әдепсіз әрекеттерге барғысы келгенін мойындап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Мұғалім әкімшілік құқық бұзушылықтың 41-1-бабының 1-бөлігі (жыныстық сипаттағы қысым көрсету) бойынша кінәлі деп танылып, бар-жоғы бес тәулікке қамауға алынды.

Балалар омбудсмені кеңсесі іс материалдары зерттеліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша шаралар қабылданып, қосымша ақпарат берілетінін хабарлады

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...