«Қазақмыс» өндіріс үшін автономды энергия көздерін енгізу мүмкіндігін зерттеуде

Фото: Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
28

Энергетикалық тұрақтылықты күшейту және өндірістік нысандардың сыртқы желілерге тәуелділігін азайту мақсатында «Қазақмыс» Тобы Borusan Cat Қазақстан компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кездесу барысында өндірістік алаңдарда газ поршеньді электр станцияларын (ГПЭС) орнатудың заманауи технологиялары талқыланды.

Қазіргі таңда компания халықаралық өндірушілер мен технологиялық интеграторлардың ұсыныстарын салыстырып, тиімді шешімдерді қарастыруда. Жоба аясында табиғи газ негізіндегі когенерациялық жүйені пайдалану жоспарланып отыр. Бұл тәсіл бір уақытта электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік беріп, өндіріс орындарының энергия тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Қазақмыс» Тобының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компания үшін сенімді әрі ұзақ мерзімді энергетикалық инфрақұрылым құру маңызды екенін атап өтті.

– Біз өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін және болашақта шығындарды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін дербес энергия жүйесін қалыптастыруды көздейміз. Осыған дейін еліміздегі бірқатар металлургиялық кәсіпорындардың тәжірибесін зерттеп шықтық. Қазір сервистік қызмет көрсету деңгейі мен оны жергіліктендіру мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылып отыр, – деді ол.

Кездесу барысында Жезқазған мыс балқыту зауыты аумағында қосымша техникалық аудит өткізу мәселесі де қаралды. Аталған зерттеу нәтижелері болашақ жеткізушіні анықтау мен құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша түпкілікті шешім қабылдауға негіз болмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық тестілеу орталығы түлектерді алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның Шу облысында мектеп оқушыларының қатысуымен болған жан түршігерлік оқиға қоғамда үлкен...