Сұмдық жағдай: 30 адам бір мезетте ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3600

Үндістанда су тасқынынан отыздан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайдан бас-аяғы 78 мың тұрғын зардап шеккен.

Ал жауын тоқтайтын емес, бірнеше күннен бері сіркіреп тұр. Халық тізеден су кешіп жүр. Кейбір жерде тасқын соңы лай көшкініне ұласты. Мыңдаған тұрғын жылы орнын тастап, бас сауғалап кетті.

Билік уақытша шатырлар құрып жатыр. «Бірақ олардан пайда жоқ, жаңбыр құйып тұр», - дейді тұрғындар. Жолдар жабылып, бір жарым мыңнан астам турист сырт әлемнен оқшауланып қалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды...