Қостанай облысындағы балалар лагеріне қатысты дауға сот нүкте қойды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
441

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысындағы «Светофор» балалар сауықтыру орталығының қызметі сот шешімімен тоқтатылды. Орталықта санитариялық нормалардың елеулі бұзушылықтары анықталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Тексеру барысында өтініш берушінің арызында көрсетілген барлық дерек расталды. Мамандар тамақтандыруды ұйымдастыруға, сумен жабдықтауға, аумақ пен ғимараттардың санитариялық жағдайына, сондай-ақ қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуіне қойылатын талаптардың бұзылғанын анықтады. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші де жойылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізді.

«Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп толықтырды ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...