Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіріп, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ерте...
Жамбыл облысында көз жұмған келіншек жер қойнына тапсырылды
Коллаж: әлеуметтік желі
611
Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайтыс болған әйелдің туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтуда.
Марқұмның жаназасына қатысқан журналист әлеуметтік желідегі жазбасында қайынжұртының жерлеуге келмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, марқұмның артында 8 айлық сәби қалған.
«Туыстары өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде марқұмның құрбысына қатысты түрлі пікірлер тараған. Алайда жаназаға қатысқан автор құрбысының марқұмның отбасына барынша көмектесіп жүргенін айтты.
Айта кетейік, жанжал бір Барни печеньесі үшін туындаған. Ер адам әйеліне ұрсып, қол көтерген.