Түркістан облысының имамдарын «өңірге Бас мүфти Наурызбай Өтпенов келген сайын облыстың бас им...
Павлодар облысында газ баллон жарылып, адам қайтыс болды
Фото: 24 kz
2288
Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үй өртеніп, 66 жастағы үй иесі қаза тапты, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
Аудан орталығынан шамамен 100 шақырым қашықта орналасқан Михайловка ауылындағы оқыс жағдайға тұрмыстық газ баллонының жарылуы себеп болған.
ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қауіпсіздікті сақтамау салдарынан газ-ауа қоспасы жанған. Қызыл жалынға қарсы күреске Михайловка ауылының өрт сөндіру бекеті, 4 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.