Петропавлда бес жасар бала қонақүйдің терезесінен құлап кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
72

Петропавлда қонақүйдің екінші қабатынан құлаған бес жасар бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Белгілі болғандай, бала қонақүйде ата-анасымен бірге болған. Отбасы Петропавлға басқа қаладан келген. Оқиғаның қалай болғаны және төтенше жағдай кезінде ересектердің қайда болғаны қазір полиция қызметкерлері тарапынан анықталып жатыр.

Бала терезеден құлағаннан кейін шұғыл түрде көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Сонымен қатар дәрігерлер оның оң жақ жамбасы, балтыры мен табаны тұсынан соғылу және гематома белгілерін анықтаған.

«Қазіргі уақытта бала төсекте жатыр, оған төсек режимі тағайындалған. Емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Әзірге хирургиялық араласу қажет болған жоқ. Алайда жағдайға байланысты мұндай қажеттілік туындаса, операция жасалады», – деп хабарлады ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында Астана – Петропавл автожолында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында жүк көлігі мен мотоциклдің қатысуымен адам өлім...