Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Фото: ҰҚК

ЖАҢАЛЫҚТАР
1208

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Алматы, Шымкент, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында өткізілген.

ҰҚК мәліметінше, 62 қару, оның ішінде үш Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және төрт мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген.

Мамандар сәйкестендіруді жүргізіп, 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 10 қару ұрланғанын анықтады. Тергеушілер тексеру жүргізеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...