Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында инвестициялық стратегиялар жөнінде айтты, деп...
Қарағандылық ер адам TikTok-та әйелдің киімін киіп, қыздармен танысқан
Фото: Polisia.kz
450
Қарағандылық 56 жастағы стример әйелдер киімін киіп, әлеуметтік желіде видео жариялаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қарағандыда 56 жастағы стример Еркен Жантықпаев әлеуметтік желіде әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалған.
Қазіргі уақытта стример әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірген. Алайда полиция оның әрекетін бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Егер ол берілген ескертуді қайта бұзса, заң бойынша қатаңырақ жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде заң талаптары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.