Жахан Отарғалиевтің әкесі жол апатына ұшырады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1566

Атырау-Орал тасжолында болған жол апатына танымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиевтің әкесі тап болды. Өнер иесінің айтуынша, әкесі Алланың қалауымен аман қалған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталына жазды.

«Бауырлар, ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңертең Атырау-Орал жолында жағдай болды. Сәл жәй жүрейікші. Такси айдайтын бауырлар, сіздерді де бала-шағаңыз күтіп отыр. Соларды да ойлаңыздар. Әкем аман қалды, шүкір», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Актердің сөзінше, апаттан кейін әкесінің аяғында ісік пайда болған. Қазір ол қалаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.

«Бастысы – аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Алла оларға көтере алмайтын сынақ бермесін», – деді Жахан Отарғалиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...