Қаржаубай Нұрымовтың күйеубаласы да 15 тәулікке қамалды

Фото: видеодан алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2201

Бұл туралы ақпарат адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

– Қаржаубайдың күйеубаласы Айғазыға қатысты әкімшілік сот отырысы өткізілді. Ол 15 тәулікке қамалды, – деп хабарлады адвокаттары. 

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қа...