Қызылордада 12 донордың қаны құйылған әйел ВИЧ жұқтырды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
523

Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға Қызылордада тіркелді. Ауыр жағдайда перинаталдық орталыққа жеткізілген науқасқа 12 донордың қаны құйылған.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл деректі растады.

“Бұл жағдай министрліктің бақылауында. Тиісті тексерістер жүргізіліп жатыр. Қазір ешкім жауапкершілікке тартылмады деп айта алмаймыз. Тергеу қорытындысы бойынша тисті шешім қабылданады”, - деді министр.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылау басқармасына былтыр 11 желтоқсанда сағат 09.50-де В.20 диагнозы бойынша жедел хабарлама түсті. Алғашқы эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес жаңа босанған әйелге қан құйылған. Себебі әйел босану кезінде көп қан жоғалтып, 12 донордан қан алуға мәжбүр болған. Алайда 1 айдан соң қан реципиенті ретінде АИТВ-ға (Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы) 14 қарашада 110.2 коды бойынша мамандар қан сынамасы алған. 

Мәліметтерге сенсек, ИФА, Genscreen HIV және ИХЛА Архитек әдістерімен тексеріліп, нәтижесінде "күмәнді" нәтиже берген.

МУЗЫКА

Атақты композитор, РСФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері София Губайдулина 93 жасында өмірден өтт...

PESTEL

Кремль АҚШ-тың Украинамен 30 күндік бітімгершілігі еш нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды ...