ҚР Үкіметінің отырысында ағымдағы су тасқыны жағдайы, сондай-ақ көктемгі маусымға және болуы мүмкін...
Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болмақ
Фото: freepik.com
2026 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Үкіметінің тиісті қаулысымен мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құжатқа сәйкес, мерекелер қатары жаңа тармақпен толықты: 3 қыркүйек — Қазақ тазылары мен төбеттері күні.
Қаулы 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» құжатқа өзгеріс енгізеді және 2026 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан кинологтар одағы соңғы үш жылда Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанған. Кейін қазақ тазысы тұқымын халықаралық мойындауға ресми өтінім берілген. Нәтижесінде FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазылары бар. Олар — Наурыз, Ронни және Нэнси.
2024 жылы Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронға тазының екі күшігін сыйға тартқан болатын. Оларды Макрон Жюль және Жанна деп атаған. Ел басшылары тазылармен бірге Елисей сарайының бақшасында серуендеген.