«Қызы құлатты»: Павлодарда зейнеткер велосипедтен құлап көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
891

Павлодарда 69 жастағы әйел веломобильмен қоршауға соғылып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы жағдай бүгін, 7 шілде күні Павлодардың орталық жағалауында болды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел анасы және үш баласымен бірге төрт дөңгелекті велосипедпен серуендеп жүрген. Ол рөлге ие бола алмай, металл қоршауға соқтығысқан. Құлаған кезде зейнеткер ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қызы мен немерелері ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 6 шілдеде сағат 23:08-де түскен. Алты минуттан соң жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен.

«69 жастағы әйел ауыр жарақат алғаны анықталды. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...