Қызылордада заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырғандар анықталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1413

Қызылордада заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырғандар қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі құралдарын сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында бір жыл бойы кәсіби түрде ақша жымқырумен айналысқан топтың Binance платформасы арқылы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізгені анықталды. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы қаржылық айналым 1,88 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Заңсыз қаражатқа пәтер, 5 автокөлік сатып алынып, отбасылық мейрамхана салынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, екі күдікті қамауға алынды.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...