Ертең, 17 мамырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толады. Алайда мемлекет басшысы туған к...
Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшаға уақытша кіре алмайды
Фото: Pixabay
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сай, елімізде қызылша анықталса, сол мекемеде екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке бара алмайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған.
Қаулы өте ауқымды және әртүрлі бағытты қамтыған. Комитеттің ресми сайтында жазылғандай, бұл шаралар қызылшаның таралуын тоқтату үшін шұғыл қабылданып отырған шаралар. Шектеу шараларының арасында карантин, ауруханаға екпе алмаған балаларды жатқызбау сияқты талаптардан бөлек, мектеп пен балабақшаға қатысты шара бар.
«Қазақстанда қызылша жағдайларын тіркеу кезінде екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептерге баруын уақытша шеттетуді», - деп жазылған Қаулыда.
Қаулы, кеше 19 ақпан күні жарияланған және сол күннен бастап күшіне енген.