Розыбакиев көшесін Шахановтың атына беруге петиция жарияланды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
852

Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы тұрғындары мен бірқатар қазақстандықтар қалалық ономастикалық комиссияға Розыбакиев көшесінің атауын өзгертіп, оны халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы петиция жариялады.

Өтініш авторлары Мұхтар Шахановтың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі тұлғалардың бірі екеніне назар аудартты. Олар ақынның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын тарихи тұрғыда ақтаудағы рөлін ерекше атап өтеді. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының съезінде Шаханов Алматыдағы оқиғаларды тергеу үшін арнайы комиссия құруды талап етіп, кейін бұл комиссия «қазақ ұлтшылдығы» туралы тұжырымды қате деп тануға ықпал еткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...