“Сахнада рэпер, үйде – тиран”: Қазақстандық танымал рэпер жүкті әйелін белдікпен сабаған

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1679

Қазақстандық рэпер Qurt (шын аты – Дамир Қойшубаев) жұбайын соққыға жықты. Бұл туралы оның әйелі Аружан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Аружанның айтуынша, оқиға 27 маусым күні болған. Сол күні Дамир оны шамамен бір сағат бойы белдікпен сабаған. Соққының қатты болғаны сонша – белдіктің ілгегі сынып кеткен. Кейін ол басқа белдік алып, ұруын жалғастырған. Ең сорақысы — Аружанның жүкті екені. Бұл туралы ол өзі Instagram-дағы стористерінде айтты.

Жәбірленуші денесіндегі көгерген іздерді түсіріп алып, ертең құқық қорғау органдарына арыз жазатынын мәлімдеді. Тағы бір дерекке сәйкес, Дамир кейін үйге қайта келіп, Аружанға қысым көрсетіп, ешқандай шағымы жоқ екені туралы видео түсіруге мәжбүрлеген.

Айта кетейік, дәл осы оқиғадан кейін, 3 шілдеде Қойшубаев жаңа альбомын жарыққа шығарып, желіде белсенді түрде сторис жариялап жүр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда келінінен таяқ жеген әйелдің жағдайын адвокат Тлеужан Кішкенбаев айтып берді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Елордадағы Сарайшы...