Стоматологиядағы бала өлімі: анестезиолог түрмеге қамалмады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1048

Астанадағы Dental Park Ortho клиникасында үш жасар қыздың өліміне қатысты сот анестезиолог Аида Жұмағалиеваны кінәлі деп тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот клиника анестезиологын медициналық қызмет көрсету қағидаларын бұзып, соның салдарынан баланың қаза табуына жол берді деп таныды. Сот үкімімен дәрігерге 2 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жылға медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салу жазасы тағайындалды. Алайда ол амнистияға байланысты нақты түрмеге қамалудан босатылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 қазанда Астана қаласында болған. Кішкентай қызға тісін емдеу барысында наркоз берілген, алайда процедурадан кейін ол есін жимай көз жұмған.

Сот барысында анестезиолог өз кінәсін мойындамай, «ар-намысым мен қадір-қасиетім тапталды» деп мәлімдеді. Мемлекеттік айыптау тарапы дәрігерге 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанымен, амнистия қолдануды да ұсынған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...