Танымал “аяз ата” қыз зорлады

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
743

Татарстанда «аяз ата» қыз зорлады деген күдікпен қамаға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Nemolchi.uz парақшасының мәліметінше, Татарстандағы Бугульма қаласындағы БАҚ Владимир Шишканов туралы жиі жазады. Ол бұған дейін жаңа жыл мерекесі кезінде іс-шара ұйымдастырып, «аяз ата» қызметін атқарғаны үшін танымалдылыққа ие еді. Әр қылы ер адам арнайы киім киіп, балаларға тәтті ұсынып, олармен суретке түсетін.

Жергілікті басылымдар Владимир Шишканов туралы ерекше тақырыптармен жаңалықтар жазады. Мысалы 2020 жылы ол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып, олардың көңілін көтерген.

Енді ел мақтаған «аяз ата» қыз зорлады деген күдікке ілінді.

Владимир Шишкановқа кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ең қызығы, ол бұрын да осы іс бойынша сотты болғаны анықталды. Сонымен қатар ер адам кәмелетке толмаған балалардың порнографиялық суреттерін дайындағаны белгілі болды.

Тергеу мәліметтері бойынша, жаз мезгілінде ол танысының пәтерін жөндеуге барған. Үйде танысының 6 жастағы қызы жалғыз болған екен. Ол балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Және болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп те алған екен. Қазір Шишканов қамауға алынды.

ӘДЕБИЕТ

Қазақ прозасында мен білетін қос Төлен бар. Алғашқысы - көзі тірі классик Төлен Әбдік болса, екінш...

Жаңалықтар

Тахир Халимназаров Айран YouTube арнасында Салтанат Нүкенонваның сот-медициналық сараптамасы туралы...