Актриса Жарқынай Ханайым түсірілім кезінде есінен танып қалған кейіп танытып, айналасындағыларды бір...
Меруерт Түсіпбаева 23 жылдық жауапсыз махаббаты туралы сөз қозғады
Фото: Әлеуметтік желі
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева көпшілікке беймәлім махаббат хикаясымен бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында 23 жылдан бері бір адамды сүйіп келе жатқанын жеткізді. Алайда әншінің сезімі осы уақытқа дейін жауапсыз қалған.
Түсіпбаеваның айтуынша, репертуарындағы көптеген әні жүрегінен ерекше орын алған сол жанға арналған. Осылайша, әнші жылдар бойы көңілінде жүрген сезімін өнері арқылы жеткізіп келгенін аңғартты.
Сондай-ақ ол оқырмандарына махаббат тақырыбындағы өлең жолдарын ұсынып, шынайы сезім үшін күресуге, үмітін үзбеуге шақырды.
Әншінің жан сырын ақтарған жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, махаббатының жауапсыз қалмауын тілеген.
Дегенмен Меруерт Түсіпбаева 23 жылдан бері жүрегінде сақтап жүрген адамның кім екенін ашып айтпады.