«Тас төбемнен ұрып, кемтар қылғысы келді» - ұлынан таяқ жеген әке (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
304

Денсаулығы біртіндеп жақсарған Әділхан Сисенов ата Жылыой аудандық сотына өзі келіп, басынан өткен оқиғаны тағы да баяндап берді. Журналист Жанат Молдашованың айтуынша, қарияның сөздері жазда берген сұхбатына дәлме-дәл сәйкес келеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

90 жасқа таяған Әділхан ата Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында тұрады. Оның айтуынша, маусым айында кенже ұлы үйге қамап, қол-аяғын скотчпен байлап, басынан бірнеше рет ұрған. Қария түн ішінде терезеден шығып, туыстарынан көмек сұрауға мәжбүр болған. Кейін бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қария сотта ұлының әрекетінен кейін денсаулығы сыр беріп, инсульт алғанын айтты. Тіпті киім-кешегіне дейін бермей қойғанын жеткізді. Ал туыстарының сөзінше, жақында микроинсульт алған қарияның жағдайы қазір біршама жақсарған. 

Айта кетейік, іс бойынша айыпталушы – Әділхан Сисеновтің 47 жастағы кенже ұлы. Ол сотта өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Келесі сот отырысы 18 қарашаға белгіленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы Уильямс Коулға халықаралық іздеу жариялады. Шетел азаматы Қаз...

Шоу-бизнес

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсемізді...