Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1864

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің заулім сарайы қайта бәссаудаға қойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бастапқы бағасы өзгеріссіз - 1,8 млрд теңге. Кепіл жарнасы - 117,9 млн теңге.

Сауда түрі: Бағаны көтеру бойынша аукцион

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 28 наурызға дейін

Аукционның басталу уақыты: 2025 жылғы 28 наурыз, таңғы сағат 10:00

Мәсімовтің бұл үйі ақпанның соңында да аукционға шығарылған, алайда оны сатып алушы табылмады.

Үй Астана қаласының Қараөткел шағын ауданында орналасқан. Екі қабатты үйде жертөле де бар. Ал үйдің айналасындағы аумақ көлемі - 1,2188 гектар. 

Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...