Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын бәзбіреулер асқан қатыгездікпен ө...
Түркістанда пауэрлифтингпен айналысатын зағип қыз өзіне тиесілі ақшаны ала алмай жүр
видеодан алынған скрин
І топтағы мүгедектігі бар Рупия Аймұратова Түркістан қаласының спорт мамандарының қосымша шәкіртақы тағайындау туралы ұсынысынан кейін жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл жайында тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды.
"Рупия Аймұратова туа біткен зағип, қос жанары көрмейді. Тағдырының ауырлығына қарамастан спортты сүйді. Ауыр атлетика, зілтемір көтерген батыр қыз. Ауылдағы Рупияны Түркістан қалалық спорт өкілдері өздері іздеп тапты. “Құр жүргенше спарткиадаға қатыс, жүлделі орын алсаң қосымша стипендия аласың” деп сендірді. Көктемнен бері кәсіби шұғылданып, маусым айында Тараздағы жарыстан топ жарып, кеудесіне алтын тақты. Ары қарай Алматы мен Талдықорғандағы жарыстан да алтын медаль алып қайтты. Содан бері 6 ай өтті. Өзінің айтуынша “жаттықтырушы басқармаға, басқарма басқаға сілтеп жеңісіне тиесілі қаржылай стипендияны күтіп зарықты”. Ол ақша қайда кетті, шын бөлінген болса жарымжан жанды қуанту сондай қиын ба? Жарыс кезінде басшылыққа атақ-дәреже қажет, жарыс біткен соң спортшы қажет емес пе? 90 келі зілтемірді бір деммен жерден 12 мүшесі сау адамның өзі сирек көтереді. І топ мүгедектігіне қарамастан Түркістан өңірінің атағын пауэрлифтингтен жарқыратқан жан жыламасыншы. ЖДарысқа зағип спортшылардың қиналып поездбен жетуі, плацкарттың үстіңгі орнындағы билеттері жайлы сөз қозғап жатқан жоқпыз", - деп жазды журналист.