17 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
95

17 тамыз, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сонымен қатар кей өңірлерде аптап ыстық сақталады. Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы +35…+36°C, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°C-қа дейін көтеріледі.

Алматыда 17 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы шамамен +30…+32°C болады.

Аптап ыстық пен желге байланысты еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында өзін Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкері ретінде таныстырып, медиц...

PESTEL

АҚШ-тың Ван-Найс қаласында екі көлік соқтығысып, 405 тасжолының жиегінен шамамен 61 метр төмен құлағ...