Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылады

Сурет: ТЖМ

Жаңалықтар
631

Мемлекет басшысының ТЖМ өкілеттіктерін беруге қатысты тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру бөлігінде табиғи және техногендік апаттардың алдын алу мәселелері бойынша бақылау функциялары бар жеке ведомство құрылады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Министрдің қолы қойылған тиісті қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесін құруды көздейтін "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, - деп атап өтті ведомстводан.

"Құқықтық актілер туралы" Заңның 18-бабына сәйкес бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Құжаттың түсіндірме жазбасынан жобаны іске асыруға 1 млрд 638 млн 715 мың теңге (2024-2028 жж.) мөлшерінде қосымша қаражат кететіні белгілі болды.

Жобаны іске асыру құрылған ведомствоға орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...