Жараланған спортшыны таудан тікұшақпен алып кетті

Фото: Reuters

ЖАҢАЛЫҚТАР
382

Олимпиадада тау шаңғысы жарысында америкалық 41 жастағы Линдси Вонн жарыс жолында құлап, оны таудың ортасынан тікұшақпен алып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Вонн құлаған соң жарыс он минутқа тоқтады.

Вонн олимпиада алдында тізесін жарақаттап алған еді, соған қарамастан жарыс жолына шыққан.

Тау шаңғысы қиын спорт түрлерінің бірі саналады. Спортшылар таудан орташа алғанда 100-120 км/сағ жылдамдықпен түседі.

Вонн 2010 жылғы олимпиаданың чемпионы, екі мәрте қола медаль алған. Биылғы ойындар оның карьерасындағы соңғы олимпиада болмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қараусыз қалған бүлдіршін терең құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...