Жетісу облысында ТЖД қызметкері құтқару жұмысы кезінде қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
85

Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде қызметтік борышын атқару барысында ТЖД қызметкері қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өңірдің ТЖД мәліметінше, 7 наурызда Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылып, салдарынан бір адам көл ортасына қарай ағып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдары, Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел құтқару жасағы, сондай-ақ, ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жіберілді. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында мұз қайта жарылып, салдарынан Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Таранов Дамир Таиржанович қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот әскери қызметшіні кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, с...

МУЗЫКА

Қазақ елінің ұлттық құндылықтарының бірі – баланың әже-атасының бауырында өсуі. Әсіресе әже...