Желіде Асанәлі Әшімовтың соңғы фотопортреті жарияланды (видео)

Фото: Ескендір Ізет

ЖАҢАЛЫҚТАР
1738

89 жасқа келіп, өмірден озған танымал актер Асанәлі Әшімовтің соңғы фотопортреті тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ескендір Ізет есімді азамат желіде Асанәлі Әшімовтің соңғы фотопортретін жариялады.

«Аңыз адамның соңғы портретін түсіру бұйырыпты. Асанәлі ағамыз кірген кезде «Сіздердің студияларың ба?» деп сұрады. Негізі түсірем деп ойламаған едім. Бірақ театр басшыларынан сұраған өтінішімен, яғни көркемдік жетекшіміз Гүльсина Миргалиева және театр директорымыз Ербол Жақсыкелдіұлы зор көмегімен тарихи сәт! Сіздерге мың алғыс!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары бейнежазбаға түрлі пікір білдірді. Дана Нұржігіттің өзі пікір қалдырып:

«Камера мен жарықты қалай сезіп тұр. Нағыз актер! Жарықтық-ай десеңші! Жатқан жері мамық, топырағы торқа болсын!», — деп тебіренді ол.

Өзге де желі қолданушылары Әшімовтың нағыз актер екенін айтып, жұбайы екеуінің махаббатына таңдана пікір білдірді.

«Жұбайымен суретке түскенде жүзіне күлкі үйірілді», «Жұбайын еркелетіп тұр», «Мысы басым екен», «Өмірінің соңына дейін жанында болған жарына рақмет», «Ескендір сен тарих жасадың», «Қазақтың әкесі көз жұмғандай», — деп жарыса жазды желідегілер.

author

Асанәлі Әшімов

АКТЕР

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...