Аргентина құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші финалисі атанды...
Әлемдік бокстың жаңа кезеңі: Головкин маңызды міндетті қолға алды
ашық дереккөз
Қазақстандық даңқты боксшы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин халықаралық федерацияны 2027 жылы Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) толық мойындатуды көздеп отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Головкиннің алға қойған басты міндеттерінің бірі – бокстың халықаралық деңгейдегі мәртебесін нығайтып, Олимпиада ойындарындағы болашағын қамтамасыз ету.
World Boxing ұйымы 2023 жылы құрылған. Федерацияның негізгі мақсаты – боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу, спортшылардың мүддесін қорғау және жарыстардың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету.
2025 жылдың ақпанында Халықаралық олимпиада комитеті World Boxing ұйымын уақытша мойындаған болатын. Ендігі мақсат – федерацияның толыққанды мойындалуына қол жеткізу.
Айта кетейік, бокс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.