Алты қыздың анасы ұлды болғысы келіп, ауруханадан бала ұрлап кеткен

Фото: Ndtv

PESTEL
150

Үндістанда алты қыз тәрбиелеп отырған әйел ұлды болғысы келіп, ауруханадан үш жасар баланы ұрлап кеткен. Полиция күдіктіні баламен бірге Делиден мың шақырымнан астам қашықтықта орналасқан ауылдан тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 27 тамызда Делидің батысындағы мемлекеттік ауруханалардың бірінде болған. Үш жасар бала анасының жанында ойнап жүрген. Бір сәтте анасы дәрі алуға кеткенде, бүлдіршін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Полиция ауруханадағы бейнебақылау камераларын тексеріп, баланы бейтаныс әйелдің алып кеткенін анықтады. Камераға оның бүлдіршінді ертіп шығып, кейін электр рикшаға отырып кетіп бара жатқаны түсіп қалған.

Көп ұзамай күдіктінің кім екені анықталды. Алайда ол баланы алып, Делиден шығып үлгерген. Тәртіп сақшылары әйелдің жүріп өткен бағытын бақылап, мың шақырымнан астам жерге дейін із кескен. Ақыры үш жасар баланы Бихар штатындағы Мунгер округіне қарасты Аснаха ауылынан тапты.

Күдікті 31 жастағы Чунари Деви болып шықты. Тергеу кезінде әйел алты қыз тәрбиелеп отырғанын және ұлды болуды қатты қалағанын айтқан. Алайда денсаулығына байланысты енді бала көтере алмайтынын білген соң, бөтеннің баласын ұрлап, оны өз ұлындай өсірмек болған.

Абырой болғанда, үш жасар бала аман-есен табылды. Кейін оны Делиге жеткізіп, отбасына қайтарды. Қазір әйелге қатысты тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Ақорд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Қызылордадағы жекеменшік медициналық ұйымға қатысты тосын жағдай айтылды. Threads...