Әлемге белгілі Лувр мұражайында бағалы экспонаттар ұрланды

Фото: Pixabay.com

PESTEL
1686

Париждің әлемге әйгілі Лувр мұражайында бағалы тастармен жасалған экспонаттар ұрланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Белгісіз адамдар зергерлік бұйымдар қоймасынан алтын мен асыл тастармен безендірілген бірнеше экспонатты қолды еткен.

Франция Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға шамамен таңғы 09:30-да болған. Ұрылар небәрі бірнеше минут ішінде күзет жүйесін айналып өтіп, мотоциклмен қашып кеткен.

Оқиғадан кейін Лувр мұражайы уақытша жабылып, Париж полициясы мен Интерпол ұрланған жәдігерлерді іздестіру шараларын бастады.

Алдын ала деректерге қарағанда, ұрланған бұйымдардың арасында XIX ғасырдағы императорлық коллекцияның бірегей заттары бар. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...