Тарихтағы ең қантөгісті полиция операцияларының бірі: Полиция жүздеген адамды атып тастады

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
1965

Бразилия тарихындағы ең қантөгісті полиция операцияларының бірі Рио-де-Жанейрода өтті: екі күн ішінде құқық қорғау органдары кем дегенде 119 адамды өлтірді. Адам құқықтарын қорғаушылар бұл оқиғаларды сотсыз атқарылған өлім деп сипаттады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Рейдтер «Қызыл команда» есірткі қылмыстық ұйымына қарсы Алемао және Пенья фавелаларында жүргізілді. Операцияға шамамен 2,5 мың құқық қорғаушы қатысты. Нәтижесінде 113 адам ұсталды, автоматтар, жарылғыш заттар және 118 бірлік қару-жарақ тәркіленді деп хабарлады DW.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва және әділет министрі Рикардо Левандовски құрбандар санына алаңдаушылық білдірді. Amnesty International және ондаған басқа ұйымдар операцияны қатты сынға алды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жергілікті биліктен тергеу жүргізуді және адам құқықтарын сақтауды талап етті.

Бұл операция келесі аптада Риода өтетін БҰҰ климаттық конференциясына дайындықпен қатар өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның Ош облысы Өзгөн ауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызды алып қашу қазақ дәстүріне жатпайды. Бұл түсінік кеңес дәуірінде қалыптасып, кейін қате түрде &...