Экс-президент түрмеге не үшін барды?

Фото: Guardian (Photograph: Sygma/Corbis)

PESTEL
1762

DW - Неміс толқынының мәлімдеуінше, 2007 жылғы өзінің сайлау науқаны үшін Ливиядан қаржы алды деген айып тағылып, Францияның 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген экс-президенті Николя Саркози жазасын өтеуге түрмеге барды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тергеу барысында, Ливияның сол кездегі басшысы Муаммар Қаддафи Николя Саркозидің сайлау науқанына миллиондаған еуро бергені анықталған. Ол ақшаны Францияға қолма қол - шабаданмен жеткізіпті. Николя Саркози сот кезінде мұндай тұспалдарды мойындаған жоқ.

Экс-президент жазасын Париждің La Santé түрмесінде өтейді. Ол түрменің - аса жоғары күзет қажет ететін тұлғаларға арналған бөлігінде отыратын болады. Алайда, Николя Саркози үшін ерекше жағдайлар қарастырылмаған. Бұрынғы президент жалпыға ортақ - көлемі 12 шаршы метр, душы мен телевизоры бар бөлмеге қамалады.

Экс-президент өзінің түрмедегі уақыты туралы кітап жазбақ екен, бұл туралы BFMTV арнасы хабарлапты. Бұған қоса, Николя Саркозидің, өзін - бақылаудағы бостандыққа жіберу туралы өтініш жазу құқы бар. Францияда жасы 70-тен асқан қылмыскерлерге осындай процедура қарастырылған екен. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...