Израиль Иранның мұнай қоймаларына шабуыл жасады

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
186

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 7 наурызда Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жасалғанын айтты. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, Тегеранда кемінде 30 мұнай қоймасы нысанаға алынған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Иран Мұнай министрлігінің өкілі ирандық Fars агенттігіне Тегеран мен оған көршілес Кередж қаласында үш мұнай қоймасы шабуылға ұшырағанын растады. IRNA агенттігінің нақтылауынша, осы қоймалардың екеуі Иран астанасының оңтүстігіндегі ірі мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан, алайда зауыт зақымданбаған.

Ислам революциясы сақшылар корпусы жауап ретінде Израильдің Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына зымыран соққысын жасағанын мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратты Израиль тарапы растаған жоқ.

Осы арада CNN телеарнасы Израильдің Ирандағы мұнай қоймаларына жасаған соққылары қақтығыстың келесі кезеңінің бір бөлігі екенін хабарлады.

"Израиль соғыстың келесі кезеңі аясында Ирандағы мұнай қоймаларына соққы жасай бастады", - деді телеарнаға Израильдегі дереккөз.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сенбіде АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бомбалау операциясы қалыпты режимде жалғасатынын және ирандықтар өз үкіметін құлатуы мүмкін сәті жақындап келе жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Нетаньяху ирандық күштік құрылым өкілдеріне үндеу жасап, қаруын тастағандарға ешқандай зиян келмейтінін айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылық жолы мен гастрольдік туры турал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуатты циклон әсерінен ел аймақтарында жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Болжа...