Жеке өміріндегі жанжалдан кейін Nvidia басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кетті

ашық дереккөз

PESTEL
320

Әлемдегі ең ірі чип өндірушілердің бірі Nvidia компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг қызметінен кетті. Оның отставкасына жеке өміріне қатысты жанжал мен корпоративтік қауіпсіздікке байланысты туындаған күдік себеп болғаны хабарланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Nvidia компаниясы 12 қарашада басшылық құрамындағы өзгерістерді ресми түрде растады. Директорлар кеңесінің шешімімен Дженсен Хуанг президент және бас директор қызметінен, сондай-ақ директорлар кеңесінің құрамынан кеткен.

Компанияны уақытша басқару қаржы директоры Колетт Кресске жүктелді. Ол жаңа басшы тағайындалғанға дейін екі қызметті қатар атқарады. Директорлар кеңесінің төрағасы болып Харви Джонс тағайындалды.

Хуангтың қызметтен кетуіне оның жеке қарым-қатынастарына қатысты жарияланған ақпараттар түрткі болған. Шетелдік БАҚ мәліметінше, кәсіпкердің некеден тыс қарым-қатынастарының бірі Қытай барлау қызметімен байланысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген әйелге қатысты болған.

Бұған дейін Хуанг жұбайына адал болмағанын мойындап, отбасынан кешірім сұраған. Осы оқиғалардан кейін Nvidia директорлар кеңесі тәуелсіз тексеру бастаған.

Компанияның 8 қарашадағы ресми мәлімдемесінде ұлттық қауіпсіздікке немесе Nvidia-ның құпия ақпаратына нұқсан келгеніне сенуге негіз жоқ екені айтылған. Дегенмен барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізілетіні хабарланған.

Жанжал қаржы нарығына да әсер етті. Reuters мәліметінше, Nvidia акциялары биржа ашылғанға дейінгі саудада 10 пайыздан астам төмендеген. Кейін негізгі сауда қорытындысында акциялардың құлдырауы шамамен 4,3 пайызды құрады.

Айта кетейік, Дженсен Хуанг Nvidia компаниясын 1993 жылы құрған. Ол 33 жыл бойы компанияны басқарып, оны жасанды интеллект технологияларына арналған чиптер өндіретін әлемдік көшбасшылардың біріне айналдырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің басын қосқан QOLONER халықаралық қолөн...

PESTEL

Иранда әнші Парасту Ахмадиге және оның тобының төрт мүшесіне қатысты үкім орындалды.Әрқайсысына 74 д...