Астанада алаяқ-адвокат 11 жылға сотталды

Қылмыс
2593

Елордада адвокат алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Елордада адвокат өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған.

Сотталушы алаяқтық жолмен өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған. Алған қаражатын өз қызметінің ақысы ретінде көрсетіп, алқабилер сотын сендіргісі келген.

Ол аударылған қаражат жұмысына берілген ақы ретінде алғанынын айтып, алқабилерді сендіруге тырысқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағанын дәлелдеді. Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қоса мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл ретте пара заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...