Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі жоқ пәтерлерді ж...
Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салынды
Фото: коллаж Orda.kz
Антикор ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің тұңғыш қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы жұбайы Азамат Кәпенов туралы ақпарат берген адамға сыйақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Антикор департаменті 1978 жылғы Қырғызстан тумасы, Ресей Федерациясының азаматы Азамат Абайұлы Кәпеновті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіруде.
Қазіргі уақытта оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Егер сіз іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы білсеңіз немесе оның ықтимал мекенжайы туралы мәліметтеріңіз болса Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен (мекенжайы: Өскемен қаласы, Лихарева көшесі, 2) келесі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобының ұялы телефоны 8-708-908-92-79, немесе электрондық пошта арқылы жазуға болады: kb.vko@antikor.gov.kz» делінген хабарламада.
Сыйақы және ақпарат иесін құпия ұстау кепілдендірілген.
Еске салсақ, Азамат Кәпеновке іздеу салынды. Сыбайлас жемқорлық агенттігінің Кәпеновке іздеу салғаны «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін. Бұған дейін Анатолий Балушкин өз бизнесін жоюға қатысқандардың бірі деп Мәсімовті атаса, Азамат Кәпеновті келіссөз жүргізуші деп айтқан болатын.