25-26 қыркүйекте үсік жүреді: «Қазгидромет» ескерту жасады

ЖИ көмегімен жасалынған

АЙМАҚТАР
509

Қазақстанда 24-26 қыркүйек аралығында ауа райы құбылып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.

«Ауа температурасы еліміздің барлық дерлік өңірінде айтарлықтай төмендейді. Солтүстік аймақтарда 25-26 қыркүйекте 1-2 градус үсік күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Күндіз батыста ауа температурасы +20...+28 градусқа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10...+17 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +20...+25 градус, ал таулы аудандарда +10...+15 градус шамасында болады.

Еліміздің орталығы мен шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....