Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер, ақша және көлік табыстады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АЙМАҚТАР
2614

Алматы әкімі Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ол спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтап, алматылықтар Қазақстан қоржынына көп медаль салғанын атап өтті.

Күміс жүлдегер гимнаст Нариман Құрбанов пен қола жүлдегерлер: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа пәтер сертификаттары және ақшалай сыйлықтар берілді. Барлық жүлдегер 5 және 4 миллион теңгенің сертификаты мен жаңа автокөліктердің кілтін алды.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы да ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың спортшылары әлемдік спорттың дамуына үлес қосып, сүйікті ісі мен еліне деген сүйіспеншіліктің үлгісіне айналғанын айтты. Спортшылар Қазақстан халқына қолдағаны үшін алғыс білдіріп, оның жарыс кезінде жеңіске жетелегенін атады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана – Петропавл тасжолында болған жол апатынан ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-к...