Мамыр айының кейінгі күндері салқындап, жауын-шашын көбейеді

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
757

«Қазгидромет» РМҚ 28-30 мамырға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мамыр айының соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста 15-25 градус жылыға дейін төмендейді;
  • кезеңнің басында солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 17-25 градус жылыға дейін төмендеп, кезең соңында 20-33 градус жылыға дейін көтеріледі;
  • шығыста 15-25 градустан 20-30 градус жылы аралығында құбылады;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градус жылыға дейін төмендеп, соңында 27-38 градус жылыға дейін көтеріледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...